Қазақстанға Еуроодақтың қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Жозеп Боррельдің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланған», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан-Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспиктивалары да сөз болмақ.


Фото: dknews.kz

Соңғы жаңалықтар