Қазақстанға еңбек етуге өз бетінше келетін шетелдіктерді балдық жүйемен тексеретін болады - Б. Нұрымбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға еңбек етуге өз бетінше келетін шетелдіктерді балдық жүйемен бағалайтын болады. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Оның айтуынша, елімізге жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартудың шаралары қайта қаралады. Мәселен, ұжымаралық ауыс-түйіс шаралары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарына байланысты жүргізіледі.

«Бізде шетелдік мамандардың өз бетінше жұмысқа тұру жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Мұндай норма 2012 жылы болған, бірақ содан бері елімізге өз бетінше жұмысқа тұруға тек 2 адам келген. Сондықтан осы жүйені қайтадан қарайтын боламыз. Бүгінде олар рұқсат алулары тиіс және квота бойынша тартылуы қажет. Дегенмен ондай адамдардың аз болатынын ескере отырып, біз олардың біліктілік деңгейін өзелдерінен сұрастыра отырып квотадан тыс шақыруды жоспарлаудамыз.Бұл - халықаралық тәжірибе. Барлық елдерде солай жасалады. Анықтама сол елдің орталық атқарушы органы арқылы беріледі және маманның біліктілік деңгейі балдық жүйемен белгіленетін болады», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, шетелдік мамандардың білімі, саласы және жұмыс өтілі бойынша жеке-жеке критерийлер болады. Жалпы есеп бойынша. Олардың саны 10-нан асады.

«Егер шетелдік маман жеткілікті балл жинаса біз оған рұқсатнама ретінде анықтама қағазын береміз. Осы анықтама арқылы шетелдік кез келген өзіне сай жұмысқа орналаса алады. Оған жұмыс табуға үш ай беріледі, егер осы уақытта жұмыс таба алмаса, өз еліне қайтуы тиіс. Маман аталған анықтаманы алуға арналған барлық құжаттарын сол елдегі Қазақстанның елшілігі арқылы жібере алады, егер ол осында болса, онда ХҚКО арқылы жасатаы. Және ең бастысы, аталған режим бойынша біздің экономикамыздың дәл осындай мамандарға зәру деп табылған салаларына ғана шетелдік мамандарды шақыруға рұқсат етілген», - дейді Б. Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар