+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстанға ЕҚЫҰ Бас хатшысы келеді

2018 жылғы 8 қазан 17:45
Бөлісіңіз:
Қазақстанға ЕҚЫҰ Бас хатшысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, бірқатар шараларға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоспар бойынша Т.Гремингер 10-11 қазан аралығында келеді. «Сапар барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен және Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесулер өткізеді. Сол кезде Қазақстан мен аталған ұйым арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланады. Томас Гремингер Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияның ашылуына қатысады», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, 8-10 қазан аралығында Сербия президенті Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары жоспарланған. Ол да Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT