Қазақстанға Димашты көру үшін келдім - польшалық Андлиша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің елордада санаулы сағаттан соң басталатын жеке концертіне Польшадан 20-ға жуық адам келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Польшадан Қазақстанға Димаштың концерті үшін келдік. Барлығы 20-ға жуық адамбыз. Өз басым Димаштың алғаш даусын естігеннен бастап, оған жанкүйер болдым. Бұған дейін Димашты теледидардан ғана көргем, енді өз көзіммен көрем. Әсерлі кеш болады деген сенімдемін. Тағы бір айтып өтетін жайт, менің Қазақстанға алғаш келуім. Концертке дейін қалаға саяхат жасап шықтық, қала ұнады», - деді Димаштың польшалық жанкүйері Андлиша Индрашка.

Айта кетейік, дәл қазір Астана Аренаға әншінің концертіне жиналған халыққа отандық Фарида Жолдасова, Райымбек Сатыпалды секілді жас әншілер ән тартуда, ал Димаштың қатысуымен өтетін негізгі концерт сағат 22:00-де басталады.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің концертіне кіру үшін көрермендер ұзын-сонар кезекке тұрып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар