+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстанға бірқатар елден карантинге жатқызылған өнімдер кіргізілмеді

2021 жылғы 13 қазан 14:54
Бөлісіңіз:
Қазақстанға бірқатар елден карантинге жатқызылған өнімдер кіргізілмеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 1-8 қазан аралығында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан аумағына Ресейден, Қырғызстаннан, Польшадан, Литвадан және Ираннан фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 86 әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қалай жүріп жатыр Семейде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай жұмыс атқарылуда

«Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 803 тонна алма, банан, қызанақ, картоп, қырыққабат, бұрыш, қызылша, сәбіз, бидай, ұн және басқа да өнімдерді фитосанитариялық сертификатсыз әкелуі анықталды. Қырғызснан 2,7 тонна құлпынай, таңқурай, құрма және раушан тамырын фитосанитариялық сертификатсыз әкелгені және олардың маркировкасыз екені белгілі болды. Польшадан 20,3 тонна алма фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген. Литвадан 19,9 тонна кешью жаңғағының карантинге жатқызылған өнімді екінші рет тексеруге ұсынбаған. Ираннан 45,8 тонна алма әкелу кезінде фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде.

Нәтижесінде, кінәлі адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4,2 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

«Жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында 5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 367,2 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT