Қазақстанға бір тәулікте 42 халықаралық әуе рейсі келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Египет, Монғолия, Финляндия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте 5 716 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 637 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 114 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 207 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 356 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 114 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, 169 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 119 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар