Қазақстанға аязды күндер қайта оралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 2019 жылғы 21-23 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, көктемге тән барикалық өзгерістер ақпан айында-ақ байқалады. Өткен тәулікте қарлы боранын ала келіп, Қазақстанның көптеген облысында батыстан күшті жел соғуына себепші болған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжып барады. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып келеді, ол жауын-шашынды тоқтатып, күннің суытуына себеп болады.

Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылуын әкелетін келесі Атлантикалық циклон қалыптасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар