Қазақстанға аударылатын қаржы көлемі бір жылда 30 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға аударылған ақша аударымдарының 60 пайыздан астамы Ресей мен Оңтүстік Кореядан жіберілуде. Елімізге аударылған қаржының жалпы көлемі бір жылда 31 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылғы қаңтар-мамырда шетелден халықаралық ақша аударымы жүйелері арқылы бағытталған ақша сомасы 145,8 млрд теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 31,2 пайызға артық болды. Сондай-ақ, транзакциялар 26,7% немесе 670,8 мыңға дейін өсті. Халықаралық ақша аударымы жүйелері бойынша бір транзакцияның орташа чегі 210 мыңнан 217,4 мың теңгеге дейін өсті», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасына ақша аударымдарын жіберген елдер ішінде Ресей көш бастап тұр. Бұл РФ-тен елімізге 61,9 млрд теңге аударылып, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 22,2 пайызға артық болды.

Екінші орында 26,2 млрд теңгемен Оңтүстік Корея тұр. Аударым көлемі бір жыл бұрынғы деңгейден бір жарым есеге артты.

Көш бастап тұрған үштіктің соңында Өзбекстан бар, осы елден 12,8 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 69,2 пайызға артық.

Қазақстан аумағына қомақты қаражат аударылған елдердің ішінде Қырғызстан, АҚШ, Германия, Түркия, Тәжікстан бар.

Ал ақша аудару жүйелерінің ішінде алдыңғы орындарды «Золотая Корона», «Western Union», «MoneyGram» үштігі өзара бөлісіп тұр.

Соңғы жаңалықтар