Қазақстанға АЭС реакторының 13 жобасы ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жәнтікин елімізге АЭС реакторын ұсынған 13 жобаның неге төртеуі ғана қаралып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде АЭС салуға ниетті KHNP (Оңтүстік Корея), EDF (Франция), Росатом (Ресей), CNNC (Қытай) кәсіпорындарының жобалары қарастырылып жатыр. АЭС салу мақсатында вендорды таңдау жұмысы әлі де жүргізілуде. Жалпы, заманауи реакторлардың 13 жобасының техникалық ұсыныстары қаралды», - деп жазылған Тимур Жәнтікиннің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Айтуынша, 13 жобаның ішінде төртеуі ғана уақыт сынағынан өткен. Қалғандарының көбі жобалау немесе лицензиялау кезеңін бастан өткеріп жатыр.

«Елдегі алғашқы АЭС-ті салу және сәтті пайдалану үшін тәжірибесі бар, технологиясы сыналған реакторды таңдаған жөн. NuScale Power (АҚШ) және General Electric – Hitachi (АҚШ-Жапония) компанияларының шағын модульдік реакторлық қондырғыларының бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған прототиптері жоқ. Алайда, болашақта осы технологияларды қарастыру мәселесіне қайта оралуға болады. Осыған байланысты алғашқы АЭС салу үшін потенциалды мердігерлер саны төртке азайды», - делінген жауапта.


Фото: storage.googleapis.com



Соңғы жаңалықтар