+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстанға 63 елдің тұрғындары визасыз келе алады

2019 жылғы 19 қыркүйек 11:36
Бөлісіңіз:
Қазақстанға 63 елдің тұрғындары визасыз келе алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД аумағында алғаш рет елордада PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтоты Райымқұлова Дүниежүзілік туризм ұйымының бас хатшысымен кездесті Хельсинки, Таллин, Ташкент, Қазан мэрлері туризмді дамыту жөнінде кеңес берді Елордаға UNWTO туристік форумының алғашқы делегаттары келді

«Біздің еліміз Саммит, Азия ойындары, ЭКСПО көрмесі сынды әлемдік шараларды ұйымдастырса да, мұндай ауқымдағы салалық туристік көрмені алғаш рет өткізіп жатырмыз. Қазақстанның жаһандық мәдени және экономикалық интеграциясы еліміздің маңызды сыртқы саяси бағыты болып саналады. Біз өзімізді туристерге ашық ел ретінде ұсынамыз. Бүгінде Қазақстанға 63 елдің тұрғындары визасыз кіре алады. Ал Қытай мен Үндістан үшін арнайы транзиттік визасыз режим бар», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат.

Айта кетейік, PATA Travel Mart 2019 көрмесіне Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің 250-ден астам туристік компаниясы қатысуда. Көрме аясында Tax Free Қазақстанның туристерге салықсыз жүйесі іске қосылады.

Сондай-ақ, PATA Gold Awards 2019 жүлдесінің жеңімпаздары марапатталады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT