Қазақстанға 60 кг астам героин алып келе жатқан көлік шекарада ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанға келе жатқан көліктен 60 келіден астам героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім еткендей, 10 желтоқсан күні Қырғызстаннан Қазақстан аумағына өтпек болған «Toyota Prado» автомашинасы тексерілген.

Тексеру инспекциялық-тексеріп қарау кешенімен жүргізілген. Сондай-ақ «Джек» қызметтік иті жұмылдырылған.

Нәтижесінде, көлікте жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар пакеттер табылған. Тәркіленген пакеттер одан арғы процессуалдық іс-қимылдар үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

«11 желтоқсандағы сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат салмағы 60 келі
370 грамм героин екені анықталды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.


Соңғы жаңалықтар