Қазақстандықтың Беларусь еліндегі әріптестері майдангер атасының жерленген жерін табуға көмектесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Саят Сауқомбеков өзінің 1944 жылы ҰОС кезінде қаза тапқан атасының сүйегін тауып беруге беларусь әріптестеріне өтініш жасаған.

Беларусь қаржылық тергеу департаментіне ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысының төрағасы Саят Сауқомбеков өтініш білдірген. Ол өзінің 1944 жылы 21 қаңтарда бақилық болған атасының сүйегін тауып беруді өтінген. Беларусь өкілдері үнсіз қалмады. Майдангер Мұқжан Сауқымбаев Заклетное Паричское елді мекенінен шығысқа қарай екі шақырымда жерленгені белгілі болған.

1943 жылдан 1944 жылдың ортасына дейін бұл жерде кескілескен ұрыс болған. Шағын ғана ауданда 17 581 сарбаздың денесі көмілген зират бар. Олардың ішінде әлі күнге есімі белгісіз жандар бар.

Қаржы полициясының мамандары мен Светлогорск ауданы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері М.Сауқымбаевтың сүйегі 1958 жылы Чирковичидегі зиратқа қайта жерленгенін анықтаған. Аудандық атқару комитеті мұны растады.

Енді жауынгердің аты-жөні, тағы да 31 батырдың аты-жөні Светлогорск ауданының Чирковичи елді мекеніндегі зиратта тасқа басылып жазылды.

Атасының рухына құран бағыштау үшін немересі Саят Сауқымбаев та барды.

Соңғы жаңалықтар