Қазақстандықтарға Кореядағы университет оқу гранттарын ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Тегу Кёнбук ғылым және технология институты магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу гранттарын ұсынады. Бұл туралы ҚазАқпарат Болашақ ортағының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2004 жылы құрылған Тегу Кёнбук ғылым және технология институты (Daegu Gyeongbuk Institute of Science and Technology)- Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында орналасқан ғылыми-техникалық университет болып табылады.

Институт магистрлер мен докторанттарға арналған толық гранттарын ұсынады.

Грант келесіні қамтиды:

  • толық оқу ақысы
  • бір семестрге 3 000 000 вон шәкіртақы
  • 10 000 000 вонға дейінгі ғылыми-зерттеу қызметі үшін шәкіртақы

※ Шәкіртақы мөлшерін өзгертуге болады

2019 жылдың көктемгі семестріне құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Кеш қабылдау Spring III: 2018 жылғы 13-27 желтоқсан
  • Құжаттарды тексеру нəтижелері туралы хабарландыру: 2019 жылғы 10 қаңтар (веб-сайтында)
  • Сұхбат жүргізу мерзімі: 2019 жылғы 14-23 қаңтар
  • Қорытынды нәтижелер туралы хабарландыру: 2019 жылғы 8 ақпан (веб-сайтында)

Қалай қолдануға болады?

https://admission.dgist.ac.kr ресми сайтында тіркеліп, барлық қажетті құжаттарды жүктеп алу керек.

Қажетті құжаттар:

  • Онлайн-өтінім формасы
  • Өзіңіз туралы және оқу жоспары туралы эссе (нысан бойынша)
  • Жоғары білім туралы диплом
  • Транскрипт (диплом қосымшасы)
  • Тіркеу жарнасы $80

Қосымша құжаттар:

  • Ағылшын тілін меңгеру туралы сертификат: TOEIC, TOEFL, IELTS, TEPS (Emerging Materials Science, New Biology, Robotics Engineering & New Biology мамандықтары бойынша кандидаттар ұсынуы қажет) 
  • кандидаттың мүмкіндіктері мен әлеуетін көрсететін кез-келген басқа куәліктер 
  • форма бойынша ұсыныс хаты (ұсынуші тікелей университетке [email protected] мекен-жайы бойынша ұсыныс хатты жіберуі керек)

Ескерту:

  • Оқу бағдарламалары ағылшын тілінде жүргізіледі.
  • Барлық құжаттар ағылшын немесе корей тілдерінде болуы керек.
  • Шәкіртақы мөлшері кафедра мен мамандыққа байланысты өзгеруі мүмкін
  • Қажет болған жағдайда университет қосымша құжаттарды талап ете алады.
  • Барлық құжаттар уақытында тапсырылуы тиіс.

Қабылдау туралы толығырақ нұсқауларды және толтыруға арналған нысандарды: https://admission.dgist.ac.kr/site/dgist_admission/menu/477.do?siteId=dgist_admission&snapshotId=4&pageId=391&cmd=read&contentNo=38057 сайтынан жүктеуге болады.

Толық ақпаратты e-mail: [email protected] немесе мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 76 90 69

Соңғы жаңалықтар