Қазақстандықтарға қолайлы болуы үшін е-үкімет пен Жоғарғы сот порталдары кіріктірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Жоғарғы соты мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның өкілдері «Электрондық үкімет» (egov.kz) және Жоғарғы соттың «Сот кабинеті» (office.sud.kz) электрондық сервисін интеграциялау мәселелерін талқылады.

Аталған ынтымақтастықтың негізгі жетістігі - ақпараттық жүйелер арасында бірыңғай авторизациялануды тұспалдайтын Single Sign-On (SSO) механизмінің іске қосылуы.

Жоғарғы соттың қызметін (талап арызды беру, сот хаттамасының электрондық үлгіде берілуіне немесе хаттамаға өтініш беруге сұрау салу) алу үшін қолданушыға енді қосымша авторизация жасау қажет болмайды. Енді оны жүзеге асыру үшін «Электронды үкімет» порталында авторизациясының болуы жеткілікті. «Соттарда ақпараттық технологияларды қолдануды дамыту мақсатында 2014 жылы «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі енгізілген. Осылайша Жоғарғы сот сот жүйесіндегі барынша ашықтық пен ел тұрғындары үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылуда», - деп атап өтті ҚР Жоғарғы сотындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент жетекшісі І.Испанов. Жыл қорытындылары бойынша аталған сервис арқылы 105 мыңнан астам электрондық өтініш берілді, соның ішінде 85 мыңнан астамы - талапарыздар. Сондай-ақ электрондық өтініштерді беру «Электрондық үкімет» веб-порталында 2011 жылдан бастап іске асырылған, бірақ функциялары аз болған. «SSO технологиясы электрондық қызмет көрсетулерді қолайлы пайдаланып, қолданушыларды өздерінің жеке бас мәліметтерін бірнеше рет енгізу қажеттілігінен арылтады», - деп атап өтті «ҰАТ» АҚ басқармасының төрағасы Р.Еңсебаев. Оның айтуынша, сот ісін жүргізу жүйесін бүгінде 500 мыңнан астам қолданушысы бар азаматтардың мобильді базасымен интеграциялаудың көмегімен қолданушыларға түрлі хабарландырулар, құлақтандырулар және шақырту қағаздарын жолдау мүмкіндігі пайда болады. Механизм тұрғындардың сот жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз етудің тағы бір қадамы болып табылады, ол жүйеге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Сот кабинеті» электрондық сервисінде ақаулар орын алған жағдайда қазақстандықтар талапарыздары мен өтініш-шағымдарын е-үкіметтің веб-порталы арқылы бере алады.

Соңғы жаңалықтар