Қазақстандықтарға қай елден көп ақша жіберіледі

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Шетелден қазақстандықтарға алты айда 173 миллиард теңге жіберілді. Қаражаттың үштен екісі Ресей мен Кореядан аударылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында шетелден Қазақстанға халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 173 млрд. теңге жіберілді. Бұл 2018 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 17,3% көп. Қаржының басым бөлігі Ресейден аударылған: 72 млрд. теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% көп, ал елдің үлесі 48,3% -дан 41,6% -ға дейін төмендеді», - делінген хабарламада.
Екінші орында Корей елі - 32,3 млрд. теңгеге дейін 40,3% -ға; Оңтүстік Кореяның үлесі 15,5% -дан 18,6% -ға дейін өсті.
Өзбекстан үздік үштік қатарында: 14,9 млрд. теңге - бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,8% -ға көп. Елдің үлесі 6,3% -дан 8,6% -ға дейін өсті.
- Әуе компанияларының табысы 41%-ға азайды
- Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
- Ауылға баратын жас дәрігерлерге көтермелеу жәрдемақысы артады
- Депозиттер бойынша сәуірге арналған сыйақы мөлшерлемесі бекітілді
-
ШҚО-да 2 ет өңдеу кәсіпорны салынуда
-
Қаңтардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам