+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстандықтарға детектив жанрында түсірілген телехикая ұсынылады

2019 жылғы 23 қыркүйек 20:31
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтарға детектив жанрында түсірілген телехикая ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы түсірген детектив жанрындағы алғашқы телехикая көрерменге жол тартады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 18 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу СҚО-да түрлі деңгейдегі әкімдердің 600-ден астам есептік кездесуі өтеді СҚО-да облыстық маңыздағы барлық жолдар жабық

Жұмыс күндері «Қашқын» атауымен эфирге шығатын туынды қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған жемқорлық, теріс діни ағымдардың әсері, дәстүрдің құнсыздануы, отбасы құндылықтары сияқты сан түрлі тақырыптарды арқау етеді.

Сонымен қатар, телехикая бүгінгі замандағы құқық қорғау өкілдерінің аса қауіпті қылмыскерлердің жолын кесудегі кәсіби жұмысы мен қоғам алдындағы ауыр міндетін ашып көрсетеді.

«Жемқорлық пен ашкөздік жайлаған қоғамда сенім, бірлік, бауырмалдылық жоғалады. Жаңа туынды биік адамгершілік қасиет пен адал еңбек жолы ғана қоғамды жақсылыққа жетелейтінін, адами өркениеттің негізі таза жолмен қызмет ету екенін ашып көрсетуді мақсат тұтады.

Телехикаядағы оңай жерден олжа іздеген жанның қайшылыққа толы, жағымсыз өмірін бейнелеу арқылы өзгелерге ой салуды көздедік. Туындының негізгі идеясы - айналасына зиянын тигізетін адамның өмірі тығырыққа тірелетінін, заң әділдігінің қай кезде де үстемдік құратынын көрсету», - дейді «Қазақстан» ҰТА Эфирлік саясат дирекциясының директоры Бағжан Бимұратова.

Басты рөлдерді ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай, белгілі кино және театр актерлері Қуандық Қыстақбаев, Жандарбек Садырбаев, Бақыт Тушаев, Нышанбек Жұбанаев, Нұрлан Жұмағали, Нартай Сауданбекұлы сомдайды.

Телехикая «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 26 қыркүйектен бастап жұмыс күндері 21:30-да көрсетіледі.

Айта кетсек, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы биылғы жылы жалпы саны 2019 бөлімнен тұратын түрлі жанрдағы 14 жаңа отандық телехикая түсірді. Бүгінгі күнге дейін ұсынылған «47 баланың анасы», «Қанатсыз құстар» телехикаялары көрермен тарапынан жоғары бағаға ие болып үлгерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT