+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қазақстандықтарға 4 пайызбен несие беріледі

2020 жылғы 16 наурыз 19:57
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтарға 4 пайызбен несие беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда аз қамтылған немесе көпбалалы жанұядағы жұмыссыз азаматтарға 4 пайызбен жеті жылға дейін шағын несиелер беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз біргеміз: 11 мың отбасы көмек алды Елордада аз қамтылған отбасыларының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп жатыр Биыл Қазақстанда ана мен баланы қолдауға 693 млрд теңге қарастырылған

Аталған бастама «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

«Бұл бағдарламаға 2020 жылы 123 млрд теңге қарастырылған, 535 мың адамды қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде аз қамтылған немесе көпбалалы жанұядағы жұмыссыз азаматтарға жеңілдіктер қарастырып үлгердік. Егер де «Еңбек» бағдарламасы бойынша, шағын несиелер 6 пайызбен бес жылға дейін берілетін болса, аз қамтылған немесе көпбалалы жанұядағы жұмыссыз азаматтарға бұл несие 4 пайызбен жеті жылға дейін берілетін болады», - деді Б. Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, аз қамтылған немесе көпбалалы жанұя мүшелері үшін кішігірім жеке бизнес ашуға тегін қайтарымсыз гранттар беру тәртібі де өзгертілді. Мұнда бір айлық кәсіпкерлік негіздері туралы міндетті оқу талабы алынып тасталды. Яғни, олар оқудан өтпей-ақ, грант ала алады.

«Бүгінде жұмыстан қысқаруы мүмкін тәуекелдерді ескере отырып, Үкімет жаңа Жұмыспен қамту картасын әзірлеп жатыр. Бұл карта арқылы еліміздегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды көздеп огтырмыз. Яғни, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, күрделі жөндеу, орта жөндеу, тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңарту, инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды жаңарту, елдімекендерді абаттандыру жұмыстары көзделеді. Оның шарттары мен негізгі тетіктерін ертеңгі Үкімет отырысында толық жариялаймыз», - деді министр.

Бұған дейін министр қысқартуға ұшыраған жұмысшылардың 6 ай бойы әлеуметтік төлем ала алатынын түсіндірген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT