+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы табысы 5,4% артты

2020 жылғы 24 қаңтар 15:13
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы табысы 5,4% артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Finprom.kz сайты халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елдігіміз де ерлігіміз де қазіргідей сын сағатта танылады Қазақстанның халықаралық қоры 30 млрд долларға жуықтады Осы дағдарыстан кейін медицина, білім беру, цифрландыру салаларын жандандыруға басымдық беріледі - Мәулен Әшімбаев

«2019 жылдың 3 тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 105,3 мың теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға көбірек. Сонымен бірге, осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 5,4%-ға өсуін ескерсек, халықтың ақшалай кірістері нақты көріністе 5,4%-ға өсті», - деп жазылған сайт хабарламасында.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда атаулы өсім 1,4%, нақты өсім – 0,7% құрады.

Орташа алғанда, соңғы бес жылда халықтың атаулы ақшалай табысы жылына 10,9%-ға артқан.

2019 жылдың үшінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысының ең жоғары көрсеткіші Атырау облысында тіркелген: 221,3 мың теңге көрсеткіші орташа республикалық деңгейден 2 есеге артық. Бұл өңірдегі атаулы ақшалай табыстың нақты өсімі жылына 8,9% құрайды.

Атаулы ақшалай кірістер бойынша екінші орында елорда тұр (169,5 мың теңге). Нақты көріністе бұл қалада жылына 9,3%-ға өсім бар. Үздік үштікті Алматы қаласы түйіндейді (150,4 мың теңге). Инфляцияны ескерсек, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% көп.

Сонымен бірге, Маңғыстау (141,9 мың теңге) және Қарағанды (107,7 мың теңге) облыстары жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс бойынша алғашқы бестікке кірді. Ал Түркістан облысы ең төменгі кірісі бар аймақ болып қала береді, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейдің 47,7% құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT