Қазақстандықтардың зейнетақы жинақ сомасы 7 трлн теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың зейнетақы жинақ сомасы 7 трлн теңгеден асты. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«2017 жылғы 1 маусымда Қазақстандықтардың жинаған зейнетақы жарналарының жалпы сомасы 6,99 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6% -ға, яғни 309,6 млрд теңгеге артқан. 2 маусымда зейнетақы активтері 7 трлн-нан асып кетті. Соңғы 5 айда 300,6 млрд теңге түскен», - делінген хабарламада.

Ал, БЖЗҚ қорынан 2017 жылдың басынан бастап салымшыларға 106,03 млрд теңге төленген. Өткен жылы бұл уақытта 85,5 млрд теңге төленген болатын.

БЖЗҚ өкілдерінің айтуынша, салымшылардың шотына 114,4 млрд теңге көлемінде инвестициялық табыс түсті.

Соңғы жаңалықтар