+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 трлн теңгеден асты

2020 жылғы 24 қараша 12:08
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 трлн теңгеден асты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 12,6 триллион теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Туыс адамдар зейнетақы жинағына бір-бірінен үй сатып ала алмайды – Ибрагимова «Отбасы банкі» басшысы зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылданатын нақты мерзімді атады «Отбасы банк» зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады

«2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жыл ішінде оның сомасы екі триллион теңгеден аса немесе 20% өсті» делінген хабарламада.

Зейнетақы жинағының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарнасы есебінен құралды, оның мөлшері - 12,3 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша - 305,7 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарнасы 2,16 млрд теңгеге жетті.

2020 жылдың басынан бастап 1 қарашаға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шотына 1,1 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 867,05 млрд теңге зейнетақы жарнасы аударылған, ол 2019 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 67,1 млрд теңгеге немесе 8% асып түсті.

Төлем 155,3 млрд теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT