+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 10,4 трлн теңгеге жетті

2019 жылғы 29 қазан 11:06
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 10,4 трлн теңгеге жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинағының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БЖЗҚ зейнетақы жинағы туралы мәліметті онлайн алудың бірнеше тәсілін ұсынады Зейнетақы қорындағы 675 мың шоттың иелері табылды Қазақстанда БЖЗҚ-дан ай сайын 446 мың теңге зейнетақы алатындар бар

Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жалпы сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 1,9 млрд теңге.

«Жыл басынан бері зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өсті. Бұл ретте, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша түсімдер – 714,3 млрд теңге, таза инвестициялық табыс көлемі – 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдері 154,2 млрд теңге болды», - делінген зейнетақы қорының ресми сайтында.

Аталған кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты, оның 273,6 мың шоты МЗЖ есебінен ашылған. Ал бұл шоттардың 64 пайызы 30 жасқа дейінгі салымшыларға тиесілі. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының орташа сомасы – 17 149 теңгеге жетті.

2019 жылдың тоғыз айы ішінде белсенді салымшылардың саны 6,1 млн адам, олардың ішінде 6 және одан да көп жарна жасағандар 4,6 млн адам болды.

«2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша, зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT