Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда салынып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат БЖЗҚ сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте ҚР Ұлттық банкі сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 231,90 млрд теңге. Инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,7 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде еептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі биылғы жылдың қаңтарынан бастап 30 қазан аралығындағы кезеңде 1,2 трлн теңге болды, оның ішінде:

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2021 жылдың 1 қарашасына ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 943,24 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 37,36%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,3%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 724,49 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 13,03%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 577,93 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 11,93%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,6%.

- 1 039,68 млрд теңгеге (7,86%) ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0%.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

- ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,88%, АҚШ долларында – 32,05%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

ҚРҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 730,36 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 191,26 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 39,53 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 111,44 млрд теңге;

- өзге де кірістер 175,25 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бастап 1 247,84 млрд теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,00% болған кезде 9,93% жетті. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2,93% көрсетті.

Бұл ретте 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қазанына дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,90% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,90% құрады. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айдағы нақты табыстылық 2,00% көрсетті.


Соңғы жаңалықтар