Қазақстандықтардың такси қызметін пайдалану көрсеткіші артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар таксиде көбірек жүретін болған. Бір жылда такси жолаушыларының саны 22% артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom-ға сілтеме жасап.

«2019 жылдың 5 айында қаладағы электрмен жүретін көлікпен және автомобиль көлігімен 9,4 млрд жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда, 2,6% артық. Қазақстандықтар бұрыннан ең жиі қолданатын көлік түрі автобуспен 7,1 млрд жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғыдан 2,2% аз», - делінген хабарламада.

Қазақстанда жұрт жиі қолданатын көліктердің екіншісі - такси. Такси қызметін тұтыну көрсеткіші бір жылда 21,8% өсіп, биылғы бес айда 2,2 млрд жолаушыға жеткен. Трамвай тасымалы да артып келеді. Мұндағы жылдық өсім 12,2%, яғни 12,5 млн адамға жеткен.

Автомобиль және қаладағы электрмен жүретін көлікпен жолаушы тасымалдаудан түскен табыс биылғы қаңтардан мамырға дейін 42,9 млрд теңгеге жетті. Былтырғы табыс 41 млрд теңге болатын. Ал автобустардың табысы былтырғы 37,9 млрд теңгеден 37,2 млрд теңгеге қысқарған.

Ал такси атаулының табысы бірден бес есе өсіп, 2,4 млрд теңгеден асып жығылған.

Автобуста жүру құны Қазақстанда орташа 76 теңге. Ірі қалалардың арасында Нұр-Сұлтан, Өскемен және Қызылорда тұрғындары көбірек төлеуге мәжбүр. Тіпті, Нұр-Сұлтанда картаңыз болмаса, 180 теңге төлейсіз.

Ірі қалалардың арасында тек Ақтөбеде жол жүру құны өскен (+45,5%, 80 теңгеге дейін).

Автор: Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар