Қазақстандықтардың салық бойынша 64 млн теңгеден астам өсімпұлы есептен шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 7 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін 31 338 азамат пайдаланып үлгерген. Олар 295,3 млн теңге салық төлеп, 64,1 млн өсімпұл есептен шығарылды.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады .

Ең белсенді өңір рейтингінде Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Салықтық рақымшылықты 10 мыңнан аса елордалық пайдаланып үлгерген.

Ал, төленген берешек сомасы бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Оңтүстік мегаполис тұрғындары 75,6 млн. теңге салық төледі. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы үштікті Түркістан обл. (35,1 млн.) және Алматы обл. (34,2 млн.) түйіндеп тұр.






Есептен шығарылған өсімпұл көрсеткіші бойынша Алматы қаласы алда. Қала бойынша бұл сома 18,4 млн. теңгеге жеткен. Жойылған өсіпұл көлемі 17,7 млн. теңгені құрап отырған Нұр-Сұлтан қаласы екінші орында. Ал, Маңғыстау облысында 4,5 млн.теңге өсімпұл есептен шығарылған.

Сонымен қатар, Қостанай облысының тұрғыны көлік салығы бойынша 1,4 млн.теңге көлемінде негізгі берешек сомасын өтеп, 1,07 млн.теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылды.

Мүлік салығы бойынша жинақталған 1,2 млн.теңге берешекті Алматы қаласының тұрғыны өтеген. Есептен шығарылған өсімпұл – 429 мың теңге.

Ақтөбе облысында жер салығы бойынша берешегі бар азамат 51 мың теңге салық төлеп, 43 мың теңге өсімпұлдан босатылды.

МКО атауы

Жеке тұлғалар саны

Төленген бересі сомасы,

теңге

Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы,

теңге

Ақмола облысы

1 300

6 047 170

877 423

Ақтөбе облысы

649

8 620 713

1 140 036

Алматы облысы

1 102

34 277 125

2 281 891

Атырау облысы

1545

10 416 466

1 274 833

Шығыс Қазақстан облысы

1 083

14 170 859

971 631

Жамбыл облысы

472

6 633 157

777 824

Батыс Қазақстан облысы

2 696

17 567 651

1 985 116

Қарағанды облысы

1 528

9 764 696

2 221 457

Қостанай облысы

901

9 740 567

1 801 492

Қызылорда облысы

427

9 572 501

830 976

Маңғыстау облысы

436

16 737 745

4 544 083

Павлодар облысы

3 365

12 308 386

3 854 233

Солтұстік Қазақстан облысы

264

4 484 033

459 121

Түркістан облысы

2239

35 164 162

2 087 629

Шымкент қаласы

226

10 024 295

2 884 365

Алматы қаласы

2 934

75 599 712

18 408 700

Нұр-Сұлтан қаласы

10 171

14 236 000

17 730 927

Қорытынды

31 338

295 365 239

64 131 737

Айта кетейік, Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады. Болжам бойынша, 2020 жылы салық рақымшылықты шамамен 1,2 млн. азамат пайдаланады, яғни бюджетке 12,7 млрд. теңге төленеді, есептен шығарылатын өсімпұл сомасы – 4,3 млрд. теңгені құрайды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, с алықтық берешегінің бар-жоғы екендігі туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы мына сілтеме арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.


Соңғы жаңалықтар