+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың орташа отбасылық табысы 400 мың теңгеден асады

2019 жылғы 17 қыркүйек 12:21
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың орташа отбасылық табысы 400 мың теңгеден асады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың орташа отбасылық табысы 421,5 мың теңгеге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Finprom.kz сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша, үй шаруашылықтарының ақшалай табысы 579 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға артты. Отбасылық кірістер өсуінің негізгі көзі еңбек қызметінен түсетін табыстардың орташа есеппен 7,6 пайызға артуымен байланысты. Екінші тоқсан соңындағы деректер бойынша әрбір отбасы еңбек қызметімен орта есеппен 421,5 мың теңге табады», - деп жазады Finprom.kz.

Сайттың жазуына қарағанда, үй іші табысының ең үлкен сомасы Маңғыстау облысында тіркелген (852,2 мың теңге). Отбасылары орта есеппен 741,2 мың теңге табатын Нұр-Сұлтан қаласы екінші орында тұрса, 673,2 мың теңгелік көрсеткішпен Қызылорда облысы үздік үштікті түйіндеп тұр.

Елдің 7 өңірінде отбасылық табыс мөлшері 421,5 мың теңге көлеміндегі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болған.

Finprom.kz. мәліметі бойынша, қазақстандық отбасылардың шығыны табысынан асып түскен. Екінші тоқсан қорытындысы бойынша, бір отбасының ораташа шығыны 543,3 мың теңге болып отыр.

Шығын көлемі бойынша Алматы қаласы (680,8 мың теңге), Атырау (638,8 мың теңге) және Қарағанды облыстары (630,8 мың теңге) алғашқы үштікте тұр. Өңірлер арасында бәрінен де Павлодар облысындағы отбасылардың шығыны қатты артқан (15,8 пайыз).

«Бұл шығындардың 62,7 пайызы тұтыну шығындарымен байланысты. Екінші тоқсанда орташа отбасылық шығын 543,3 мың теңге деп есептегенде, оның 504 мың теңгесі тұтыну шығындарына, 24,9 мың теңгесі несие мен қарыздарды жабуға, 13,8 мың теңгесі алимент төлеу сияқты туысқандық көмекке, 693 теңгесі салық өтеуге жұмсалған», - делінген мәліметте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Статистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT