Қазақстандықтардың өмір жағдайына талдау жасалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов азаматтардың әлеуметтік жағдайына талдау жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау тәжірибесінен бас тарту маңызды. Ол мәліметтер базада бар. «Invisible Government» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар қызметін проактивті тәсілге ауыстыру қажет. Сонымен қатар, «Smart Data Ukimet» платформасында іске асырылып жатқан жобаның бірі – «Отбасының цифрлық картасы». Аталған жоба нақты критерийлер негізінде әлеуметтік осал отбасылардың нақты бейнесін көрсетіп, оларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы орайда, министрлік биыл І тоқсанның соңына дейін азаматтардың туғанынан бастап зейнетке шығуына дейінгі өмір жағдайына талдау жүргізу қажет», - Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне қатысты сөз қозғады.

«Деректерді пайдаланудың ашықтығы мен жылдамдығын қамтамасыз ету үшін «Smart Data Ukimet» 77 ақпараттық жүйені біріктірді. Осыған байланысты, министрлік биыл жыл соңына дейін қалған 19 мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін интеграциялау жөніндегі жұмысты аяқтауы тиіс», - деді Ә. Смайылов.

Еске салайық, елімізде әр отбасының жеке цифрлық картасы болатыны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар