Қазақстандықтардың несиелік қарызы 5,6 трлн теңгеге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 5,6 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

«2018 жылдың маусым айының соңында жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша (екінші деңгейлі банктерде, микроқаржы ұйымдарында, онлайн және т.б.) жалпы несие қарызы 5,6 трлн теңгені құрады», - делінген зерттеуде.

Бұл сома өткен аймен салыстырғанда 2,3% көбірек. Бөлшек қарыздардың жартысынан астамы - кепілсіз тұтынушылық несиелер. Олардың үлесі бір айда 51,3% -тен 51,7% -ке дейін өскен.

Маусым айында бөлшек несиелерді беру құрылымында онлайн-компаниялардың үлесі тек 2% құрады. Бұл - биылғы жылдың ең төменгі көрсеткіші. 2018 жылдың алғашқы жартысындағы ең жоғары көрсеткіш наурыз айында (4,1%) байқалған.

Соңғы жаңалықтар