+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың мүлкі бар 26 ел белгілі болды

2016 жылғы 6 желтоқсан 12:13
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың мүлкі бар 26 ел белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының азаматтары əлемнің 26 елінде 300-ден астам нысанды заңдастырған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда мүлікті жария ету қарқыны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр екен. Алматы тұрғындары 459 млрд. теңгенің мүлкін жариялаған. Жалпы құны 338 млрд. теңгенің мүлкі жарияланған. Алматы облысы екінші орында жəне 57 млрд теңгенің мүлкін заңдастырған Астана қаласы үшінші орында екен.

«Шетелдегі мүлік бойынша, егер жыл басында жария етілген мүлік құны (38 объект) 1 млрд. теңгені құраған болса, бүгінде бұл сома 16,6 млрд. теңгеге дейін жетті. Ал объектілердің саны 300-ге жақындады. Яғни, жылдың басынан жария етілген объектілердің саны сегіз есеге, құны он алты есеге ұлғайды. Ал мүлік жария етілген шет елдердің саны 9-дан 26-ға дейін өсті»,-деді Б.Сұлтанов.

Министр хабарлағандай, қазақстандықтар Аустрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Виргин аралдары, Германия, Грузия, Испания, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, БАӘ, Ресей, АҚШ, Сингапур, Тайланд, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Украина, Франция, Оңтүстік Корея елдеріндегі мүліктерін заңдастырған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT