Қазақстандықтардың қонақжайлығына разы болдым – Тоқаевтан сұхбат алған қытайлық журналист
«Маған Астана қаласы өте ұнады. Қазақстандықтардың қонақжайлығы мен достық пейіліне разы болдым. Бұл – әртүрлі ұлт өкілдері тұратын көпұлтты ел. Бұл – өте әсерлі», - деп атап өтті Ван Гуан.
«Бірнеше әлемдік көшбасшылардан сұхбат алу мен үшін үлкен мәртебе болды, бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мені қайран қалдырды. Ол басқа көшбасшылардан өте ерекшеленеді – ол тәртіптің адамы. Сұхбат алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы көптеген мақалалар мен кітаптарды ағылшын, қытай және орыс тілдерінде оқып шықтым», - деді CCTV журналисі.
Еске сала кетсек, 12 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берген еді.
Мемлекет басшысы бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.