Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарызы бар

2018 жылғы 15 мамыр 12:28 184
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарызы бар

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанда тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысын шығарған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандықтар тарифтің төмендетілуінен 3,04 млрд теңге үнемдейді Атырауда газбен қамтитын компания заңсыз алған ақшасын қайтарып жатыр

Оның дерегінше, жылыту маусымының басында тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі 14,5 млрд теңгені құраған.

«Биыл сәуір айындағы жағдай бойынша берешек 13,2 млрд теңгені құрап, 1,3 млрд теңгеге азайған. Ең көп дебиторлық берешек Астана (2,1 млрд теңге) мен Алматы қалаларында (2,8 млрд теңге) және Оңтүстік Қазақстан (2,6 млрд теңге), Маңғыстау (1,6 млрд теңге), Ақтөбе (1,4 млрд теңге) облыстарында сақталып отыр»,-  деді министр.

Жалпы, министрдің дерегі бойынша, жылу беру маусымы басталғаннан бері коммуналдық жүйелерде 140 ақау тіркелген.

«Бұл ретте, әкімдіктер технологиялық ақауларды қысқа мерзімде қалпына келтірді.  Апаттар көп тіркелген өңірлер мыналар: Астана қаласында - 69; Қарағанды облысында - 16, Павлодар облысында - 12; Алматы қаласында - 11; Шығыс Қазақстан облысында - 10. Талдау көрсеткендей, ақаулардың көбі негізінен сумен жабдықтау және су бұру желілерінде орын алған. Олардың саны - 110. Сонымен қатар, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда технологиялық ақаулар 63 оқиғаға төмендегені белгілі болды», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Энергетика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT