+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болғаны» рас па – Цойдың жауабы

2020 жылғы 2 шілде 16:25
Бөлісіңіз:
«Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болғаны» рас па – Цойдың жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болды» деген сыңайда қоғамда пікір бар. «Бұл болжам рас па?» деген сұрақ ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді

«Біз жұмысымызда өзіміздің ресми мәліметтерімізге сүйенеміз. Әлбетте қоғамда көп адамның коронавируспен ауырып, жазылып кетті деген сыңайда пікір барын білемін. Себебі коронавирус инфекциясы бойынша симптоматика ЖРВИ белгілеріне, әсіресе пневмонияға өте ұқсас екенін түсіну керек. Мұндай қорқыныш бар. Қазір қолымыздағы статистикалық мәліметтер – тесттермен расталған жағдайлар. Сонымен қатар ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада оның нәтижесі шығады», - деді министр.

Алексей Цойдың айтуынша, пневмония мен коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің микробты пейзажы жасалады. Осыдан кейін коронавирус инфекциясымен күрестің бағыт-бағдары айқындалмақ.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізетін болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT