+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың қай елдерге жиі кететіні белгілі болды

2019 жылғы 5 желтоқсан 23:20
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың қай елдерге жиі кететіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың қай елдерге жиі кететіні белгілі болды, деп хабарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізге келушілерге қарағанда кетушілердің саны басым, олардың айырмашылығы 20 мыңды құрайды.

«Сыртқы көші-қонға келсек, 2018 жылы елімізден кеткен және келгендердің арасы 20 мың болды, өкінішке қарай кетушілердің саны басым. 2018 жылы 29 мың азаматымыз елден көшіп кеткен. Елден кетушілердің 96 пайызы ТМД елдерінде тұрақтайды. Оның ішінде 89 пайызы Ресейге кетеді. Неге кетеді дегенге келсек, көбісі тарихи отанына оралғысы келгендіктен, сондай-ақ, сапалы білім алып, жұмысқа орналасу және табыс табу мен лайықты өмір сүруді іздегендер. Иә, кейде жоғары санатты және тапшы мамандар шетелге кетіп жатады. Сол үшінде біз елімізде жағдай жасауымыз керек. Ол білім беруден басталады. Себебі көбісі шетелге білім алуға барады да, сол жақта қалып қояды. Бұл мақсатта Білім және ғылым министрлігі жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр», - деді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, министр отандастарымыз көбінесе қай елдерге көшіп кететіндігі туралы тілге тиек етті.

«Қазақстандықтардың көбінесе кететін елдер қатарына алдымен Ресей, Германия және Беларусь елі. Ал Ішкі істер органдарының мәліметінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанға 5,6 млн адам кіріп, әлемнің 200 елінен 5,3 млн шетелдік азамат шығып кетті. Ішкі істер органдарында 1,2 млн, оның ішінде: ТМД елдерінен – 1,1 млн, алыс шетелдерден – 95 мың шетелдік тіркелген. 2 210 жұмыс берушіде 22 мыңға жуық өзге ел азаматы, шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы бойынша еңбектенуде»,- деді ол.

Айта кетсек, елордада «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Онда адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT