Қазақстандықтардың электромобильдерге сұранысы азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныс үш есеге азайды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоӨндіріс» одағының ақпаратына сәйкес, биылғы 7 айдың ішінде әкімшілік полиция органдары барлық үлгідегі 826 101 көлік құралын тіркеді.

«Бұл – өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға көп. Аталған көліктердің 770 640-ы екінші рет тіркелген. Яғни, олардың иесі ауысқан (өткен жылы мұндай санатта 691 084 көлік тіркелген). Бірінші рет тіркелген көлік құралдарының саны 55 461-ге жетіп, 2018 жылдың жеті айынан қарағанда 24,8 пайызға артқан», - делінген хабарламада.

2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша тіркелген көлік құралдарының саны 122 873-ке жетіп отыр (өткен жылға қарағанда 8,1 пайызға артық). Олардың ішінде 113 772-і екінші рет тіркелген.

«2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда электр қуатты тек 11 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұдан бір жыл бұрын ондай көліктердің 39-ы тіркеуден өткізілген еді», - деді «ҚазАвтоӨндірістен».

Қазақстандағы қайта тіркелген көліктердің үштен екісінің жарамдық мерзімі 10 жылдан асып кеткен. Автокөлік нарығындағы келісімдердің динамикасы бұрынғыша отандық парктың ескіріп бара жатқанын көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар