Қазақстандықтардың eGov арқылы төлемдер мөлшері 41,5 млрд теңгеден асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың eGov арқылы төлемдер мөлшері 41,5  млрд. теңгеден асты, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төлемдер сомасы 41,5  млрд. теңгеден асты. Бұл ретте тек ағымдағы жылдың  9 айында www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар 12,5 млрд.-тан астам теңгеге операциялар жасаған. Өткен жылдың статистикасы  бойынша төлемдер мен аударымдар 14,2  млрд. теңгеден жоғары соманы құрады.

Одан бөлек, биылдың 9 айында онлайн түрде жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жиірек төленетін болып шықты, олардың үлесіне төлемдердің 84 %-ы немесе 10,5  млрд. теңгеден астам сома тиесілі. Келесі салықтар менбаж салығы, алымдар барлық төлемдердің 11%-ын (1,3 млрд. теңгеден астам) құрады. Сондай-ақ, азаматтар электрондық порталдыҚазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шоттарын толықтыру үшін белсенді түрде пайдаланады - ол барлық төлемдердің 4%-ы (555 млн. теңгеден астам). Ал коммуналдық төлемдерге, БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланысына төлемдер 0,3 %-ды (35 млн. теңгеге жуық) құрайды.

Соңғы 5 жылдағы төлемдер статистикасы

 

ЖЖЕ айыппұлдары (теңге)

Салықтар

 (теңге)

Комм. төлемдер (теңге)

2013 ж.

290 848 179

262 615 289

26 064 069

2014 ж.

1 670 539 958

400 454 045

8 449 453

2015 ж.

8 432 377 134

531 706 467

16 099 358

2016 ж.

11 791 316 595

547 486 110

25 044 263

2017 ж. (9 ай)

10 565 429 284

464 015 899

14 712 424

Жалпы сомасы

32 795 049 736

2 279 457 731

99 896 709


Бұған қосымша, бюджетке төленетін төлемдерді растауға қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды алып тастау мақсатында электрондық үкіметтің төлем шлюзі екінші деңгейдегі банктермен интеграциялан болатын. Қазіргі уақытта eGov төлем шлюзінің  сервистеріне екінші деңгейдегі 32 банк және «Қазпошта» АҚ қосылған.

Естеріңізге салсақ, 2010 жылы eGov порталында онлайн түрде төлем жасау мүмкіндігі бар алғаш рет транзакциялық қызмет көрсетулер пайда болған еді. Осылай, ең бірінші кезекте салықтар, мемлекеттік алымдар, баж салықтары мен жолда жүру ережесін бұзғаны үшін үшін төленетін айыппұлдарды төлеу қызметтері, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерін төлеу  қолжетімді болған. Бүгінгі күні eGov көмегімен 46 қызметті төлеуге болады.

null

Соңғы жаңалықтар