Қазақстандықтардың долларға сұранысы азайып барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық валюта айырбастау орындарында нетто сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-наурызында 58,2 млрд теңгеге жетті. Яғни аталмыш көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі 107,9 млрд теңгеден 46 процентке азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар ақша айырбастау орындарында долларды өткізгеннен гөрі көбірек сатып алып жатқанына қарамастан, америкалық валюта түріне деген сұраныс күн сайын кеміп барады, дейді зерттеушілер.

Мысал келтіретін болсақ, биылғы жылдың ақпан айында неттто-сауда көлемі ақпан айымен салыстырғанда 36 пайызға кеміді, наурызда тағы 15 пайызға азайды. Қаржылай алғанда америкалық валютадағы нетто-сауда көлемі 68,7 млрд теңгені құрады.

2018 жылдың наурызында еліміздің 16 өңірінің екеуінде қазақстандықтардың ақша айырбастау орындарына долларды сатып алуына қарағанда тапсыруы көп болған. Ал қаңтар мен ақпанда доллармен жасалған нетто-сауда көлемі елдің барлық өңірінде көп болды.

Осы айда нетто-сауда көлемі бойынша 29,8 млрд теңгемен Алматы қаласы көш бастап отыр. Бұл ел бойынша жасалған сауда көлемінің жартысынан астамы. Одан кейінгі орында 7,2 млрд теңгемен Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Үшінші орында 5,3 млрд теңгемен Маңғыстау облысы тұрақтаған.

2018 жылы долларды орташа айлық көрсеткіші үш ай қатарынан кеміп кеелді. Айталық қаңтар айында 1 АҚШ долларының құны теңгеге шаққанда 327 теңге болса, ақпанда 321,9, наурызда 320,7 теңге болды.

2017 жылы қазақстандықтар ақша айырбастау орындарынан 10,6 млрд АҚШ долларын сатып алып, 5,9 млрд долларды өткізген. Нетто-сауда көлемі 4,7 млрд долларды құрады. Бұл ретте долларға деген сұраныстың шарықтау шегі тамыз-қазан айлары аралығына келгендігін айта кету керек. Нетто-сауда тамызда 876,7 млн доллар болса, қыркүйекте 555,4 млн, қазанда 598,3 млн доллар болды. Сәуірде осы көрсеткіш 88,4 млн долларды құрады.

Өткен жылы АҚШ долларының ең жоғарғы көрсеткіші қыркүйек айына келді. Ол кезде доллардың орташа айлық құны теңгеге шаққанда 339,2 теңгені құрады. Ең төменгі көрсеткіш сәуірде тіркеліп, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 312,2 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар