Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін 400 қазақстандық қажылық парызын өтеу үшін Алматы әуежайынан Сауд Арабиясына ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажы болу – оңай ғибадат емес. Бұдан да маңызды мәселе – қажы болып өмір сүру. Қажы деген сөздің тағы бір мағынасы ешқашан жамандықтарға жоламау дегенді білдіреді. Қажылық жасау рәсімдері санаулы күндерде аяқталады. Ал «қажы» атанып қалу – өмір бойы жалғасады«, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз шығарып салу рәсімінде.


Бүгін Алматы әуежайынан 400-ге жуық адам парызын өтеуге жол тартты.

»Қажы болу – қажылық сапарынан соң тап-таза парақты еш кірлетпеуге тырысу, ғибадатта қайратты болу, үлгілі мұсылман болу, жасаған тәубені қайта бұзбау, уәдеге адал болып, сөздің үдесінен шығу деген сөз...«, - деді ол.

Еске сала кетсек, биыл елімізден 3200 адам қажылық парызын өтемек.

Соңғы жаңалықтар