Қазақстандықтардың 87 пайызы өзінің әлеуметтік жағдайын тұрақты бағалап, болашаққа сеніммен қарайды - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат  - Қазақстандықтардың 87 пайызы өзінің әлеуметтік жағдайын тұрақты бағалап, болашаққа сеніммен қарайды.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Сөз арасында Мемлекет басшысы елде жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқтала келе, соңғы уақытта елдің даму рейтингі жоғарылағанын атап өтті. Соның арқасында елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші күрт төмендеді.

«Қазақстанның «Перинаталдық орталығы» халықаралық рейтингке көтерілді. Қазақстанға әлемнің 22 елінен келіп емделе бастады. Біздің Медициналық холдингте емделгендердің 67 пайызы Қазақстанның барлық аймағынан келгендерді қамтып отыр. Бұл зор көрсеткіш». -деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар