Қазақстандықтардың 1,1 млрд теңгеден астам жалақы берешегі өтелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері ел тұрғындарының 1,1 млрд теңгеден астам төленбеген жалақылары өтелген. Мұндай деректерді Бас прокуратура келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«184 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Азаматтардың жалпы соммасы 1,1 млрд теңгеден асатын төленбеген жалақылары өтелді. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша 2,1 мыңнан астам сот актілері түзетілді. Нәтижесінде 6,7 млрд теңге болатын бюджет шығынының алдын алдық», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Бұған қоса, прокуратура биылғы 6 айда әлеуметтік-экономикалық сала бойынша қабылдаған шараларының нәтижелерімен де бөлісті.

«Әлеуметтік-экономикалық сала бойынша прокурорлардың актілері негізінде 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды. Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Әртүрлі жауапкершілікке 14,5 мың адам тартылды», - деп қорытындылады Бас прокуратура.

Қоса кетсек, аталған ведомство биыл бизнеске қатысты 6,2 мыңнан астам заңсыз тексерулердің жолын кескен.


Соңғы жаңалықтар