Қазақстандықтарды медицина мамандарымен қамту үлесі - Еуроодақ деңгейінде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан тұрғындарын медицина мамандарымен қамту деңгейі Еуроодақ көрсеткішімен сәйкес келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпраат тілшісі.

«Медицина мамандарының қызметі үнемі тәуекелге алып келеді. Олардың жұмысы күрделі әрі жауапкершілігі жоғары. Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласында 267 мың медицина қызметкері еңбектеніп жатыр. Оның ішінде 78 мыңнан астам дәрігер және 188 800 орта медицина қызметкері бар. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 40,9 пайыз, ал орта медицина қызметкерлерімен қамту 98,7 құрайды. Бұл Еуроодақ елдерінің көрсеткіштерімен сәйкес келеді», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.

Министрдің мәліметінше, дегенмен, денсаулық сақтау жүйесінде кадр жетіспеушілігі бар. Атап айтқанда, 7621 маман тапшы. Оның ішінде 3916 дәрігер және 3705 орта медицина қызметкері.

«Медицина кадрларының кәсібилік деңгейін үздіксіз көтеру мақсатында тәлімгерлік институтының жұмысы жалғасын табады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен қосымша жәрдемақы төлене береді. Сол сияқты денсаулық сақтау мамандарын тұрғын үйлер және жатақханалар салуды жүзеге асыру, баспананы жалға беру және басқа да шаралар іске асырылады», - дейді ол.

Бұған дейін елімізде медицина мекемесі ғимараттарының 44,7 пайызы тозғаны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар