Қазақстандықтардан үш күнде 162 қару тәркіленді - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш күн ішінде ел өңірлерінде 4 келіге жуық есірткі, 162 қару, 16 дана жарылғыш зат пен оқ-дәрілер тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 18-20 наурыз күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтті.

«Жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде барлығы 1,5 мың қылмыс тіркелді. Соның ішінде қоғамдық орындарда - 205, көшелерде - 61 қылмыс есепке алынды. Ізі суымай ашылған қылмыстар 60% құрады. Тыйым салынған заттарды сақтап, тасымалдағаны үшін - 192 адам, соның ішінде есірткі заттарын сақтағаны үшін 48 адам ұсталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 3,6 келі есірткі, нақтырақ айтқанда 770 грам героин тәркіленді, 162 дана қару, 16 дана жарылғыш құрылғы мен оқ-дәрілер алынды.

«Бұған қоса, 40 299 әкімшілік құқықбұзушылық, дәлірек тоқталсақ 2 632 ұсақ бұзақылық, 4 653 спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу фактісі, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың - 103 фактісі тіркелді», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында тұру ережесін бұзудың - 3 638, ұялы телефондарды пайдалану ережесін бұзудың - 3 243, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 6 392 фактісі есепке алынды. Мұның ішінде 124-і жолдың қарсы бетіне шығу, 160-ы темір жолдан өту тәртібін бұзу, 376-сы автокөлікті мас күйінде басқаруға қатысты.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзудың 1 826 мың фактісі анықталды. Қабылдап-тарату орындарына 461 адам жеткізілді. Оның 313-і шетел азаматы. Уақытша бейімдеу орталығына 1 495 мың адам жіберілді. Ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне 5 501 адам қойылды.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жедел алдын алу шарасы басталғаннан 24 мал ұрлығы тіркеліп, оның ішінде бұрын ұрланған малдардың 36 фактісі ашылды.

Соңғы жаңалықтар