Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстандықтар ЖОО білім гранттарын бөлгенде бақылаушы бола алады

2018 жылғы 28 шілде 13:21 526
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар ЖОО білім гранттарын бөлгенде бақылаушы бола алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтарға елдің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырыстары мен білім беру гранттарын тағайындайтын конкурстық комиссия жұмысына қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл шараны «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтардың тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуы үшін танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілері арқылы алдын ала Агенттіктің аумақтық департаментіне өтініш беруі қажет.

Агенттік қоғамдық бақылауды күшейтудің осы саладағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың ең тиімді тетіктерінің бірі болатынына сенімді.

Сонымен қатар, талапкерлердің әлеуетті жұмыс берушілері болып табылатын бизнес құрылымдары өкілдерінің конкурстық комиссияларға қатысуы өте маңызды.

Әр ауданда және облыста құрылған Агенттіктің арнайы бақылау топтарының мүшелері конкурстық процедураларға белсенді қатысады. Оған түрлі салалардағы сарапшылар кіреді. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT