+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстандықтар жемқорлыққа төзімсіздік таныта бастады - Марат Бәшімов

2020 жылғы 22 қыркүйек 15:53
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар жемқорлыққа төзімсіздік таныта бастады - Марат Бәшімов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар жемқорлыққа төзімсіздік таныта бастады. Мұндай пікірді Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта біздің санамыз өзгерген. Әркім өзін, отбасын ойлап, қарбаластық азайды. Көптеген жайттан қорқуды да қойдық. Міне, осының аясында жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуіміз қажет», - деді ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен онлайн брифинг барысында.

Сонымен қатар М.Бәшімов елімізде бұл бағытта жүргізіліп жатқан реформалардың да жемқорлықпен күреске оң ықпал тигізіп отырғандығын баса айтты.

«Адамдар ақшасымен, тамыр-танысымен жалтарып кетуіне мүмкіндік беретін барлық қалтарыстарға тосқауыл қойылды. Енді адам жасаған әрекеті үшін түрмеге отыратындығын түсінуі тиіс. Қазіргі уақытта елімізде «ашық бюджет» бойынша өте жақсы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламаның арқасында кез келген азамат бюджеттің әр теңгесінің қайда жұмсалғандығын қадағалап отыра алады. Осы жұмысты одан ары жалғастырған жөн», - деді Марат Бәшімов.

Институт директорының атап өтуінше, жемқорлардан мемлекет пайдасына өндіріліп алынған ақша қаражатын денсаулық сақтау, білім беру салаларына жұмсап, ауруханалар мен мектептер, балабақшалар салу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT