+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстандықтар желтоқсан айында 1,4 трлн теңгеге сауда жасады

2020 жылғы 15 қаңтар 11:06
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар желтоқсан айында 1,4 трлн теңгеге сауда жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өткен жылдың соңғы айында қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 1,4 трлн теңге жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім күшіне енді Бақыт Сұлтанов ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізу мәселесі бойынша пікір білдірді Сауда Желілері Одағы тегін пакеттерден бас тартады

Ranking.kz мамандарының мәліметінше, қазақстандықтар қараша айында 956,6 миллиард теңге, ал 2018 жылдың желтоқсанында 1,22 триллион теңге жұмсаған.

2019 жылдың желтоқсанында бөлшек сауданың нақты өсімі қарашаға қарағанда 44,8%, 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 7,3% болды.

Кассалар бойынша ресми жүргізілген бөлшек сауда көлемі жағынан Алматы көш бастап тұр – 451,5 миллиард теңге, 2018 жылдың желтоқсанында көрсеткіш 375,2 миллиард теңге болған. Алматыдан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы – 166,2 миллиард теңге, одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 143,2 миллиард теңге болған.

Ритейл бойынша үздік бестікке Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстары еніп отыр. Бөлшек сауда ең аз жасалған өңір – Түркістан облысы.

2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жылдық инфляцияның ресми деңгейі 5,3% -ды құрады. 2018 жылы жылдық инфляция 6%, 2017 жылы 7,4%, 2016 жылы 14,6% болған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT