Қазақстандықтар жекелеген өңірлерде медициналық қызмет, тасқынмен күрес және дезинфекция жұмыстарына шақырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери міндеттемесі бар қазақстандық отандастарымыздың денсаулығын сақтау қажеттігі мен төтенше жағдай режімін қамтамасы ету үшін шақырылғалы отыр. Қорғаныс министрлігі әскери міндеттемесі бар азаматтарды жергілікті елді мекендерде патруль жасауға, санитарлық тазалауға және көктемгі су тасқыны болған жағдайда оның салдарын жою жұмыстаына шақырады. Бұл туралы ҚР Бас штабы бастығының орынбасары Руслан Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Қарулы күштер шоғырланған өңірлерде күш бар. Ал олар жоқ жерге медициналық даярлығы бар, қазір денсаулық сақтау саласына тартылған азаматтар шақырылады. Сонымен бірге қызметте тәжірибесі бар мамандар блокпостарда, елдімекендерді патрульдеуге және ол жерлерді санитарлық тұрғыда тазартуға жұмылдырылады. Бәлкім, кейбір аймақта көктемгі су тасқынының салдарын жою процесіне көмектеседі», - деді Руслан Шпекбаев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы айтқан сөзінде.

Сонымен қатар, ол мұндай тәжірибе бүкіл аймақта жүргізілетінін жеткізді.

«Аймақтарда әскердің жұмысқа тартылғанын білесіздер. Бірақ олар жетіспейді. Әскери бөлімдер дислокациясы жоқ орындарға бәлкім адамдарды тартамыз. Алайда бұл ретте адам саны, міндеті мен мерзімі бойынша шешімді Бас штабтың келісімімен әкімдік қабылдайды», - деді спикер.

ҚР Бас штабы бастығының орынбасары сондай-ақ бұл жұмысқа тартылу кезіндегі төлем жайлы да айтып өтті.

«Жұмыссыз қалған азаматтар минималды айлық төлемақыны алады. Жұмысынан тартылған азаматтар айлық жалақысына ие болады. Ең бірінші кезекте нақты аймақтарға керекті мамандарды іске тартамыз. Әр өңірде жағдай әртүрлі. Яғни, адамдар таңертең өз міндетін орындау үшін жұмысқа келгендей тәртіпте жүреді. Тұрғылықты мекені бойынша барады. Кешке үйлеріне қайтады», - деді Руслан Шпекбаев.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған болатын.



Соңғы жаңалықтар