Қазақстандықтар Жаңа жыл мекересінде қанша күн демалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа жыл мерекесінің құрметіне аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер де, 6 күн жұмыс істейтіндер де дүйсенбі мен бейсенбі күндері демалыс алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша, Жаңа жыл мемлекеттік мәртебесі бар мейрам болып есептеледі. Осылайша 1-2 қаңтар демалыс болып белгіленген.

2023 жылдың күнтізбесінде бұл екі күн жексенбі мен дүйсенбіге дөп келеді.

Жексенбі онсыз да демалыс болғандықтан, қазақстандықтар жексенбіге түскен 1 қаңтардың есебінен сейсенбі күні де (3 қаңтар) демалыс алады.

Мұндай тәртіп жоғарыда аталған заңның 5-бабында жазылған. Яғни, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер де, 6 күн жұмыс істейтіндер де 3 қаңтар күні демалады.

Ал 31 желтоқсанда аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер ғана демалыс алады. Өйткені бұл күн күнтізбеде сенбіге дөп келеді.

Ал 7 қаңтарда Рождество мейрамы бар. 2023 жылы бұл атаулы күн сенбіге сәйкес келеді.

Бірақ Рождество мемлекеттік мейрам мәртебесі болмағандықтан, сенбіге дөп келген 7 қаңтардың орнына аптаның басқа жұмыс күні демалыс болып өзгертілмейді.

Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер де 7 қаңтар күні демалады. Мұндай тәртіп Еңбек кодексінің 84-бабында жазылған.


Соңғы жаңалықтар