Қазақстандықтар жағажайда жату сынды пассив демалыстан арылып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың туризмнің белсенді түріне қызығушылығы күрт артты. Бұл туралы «Жібек жолы» ЖШС-нің директоры Тимур Дүйсенғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда туризм саласы бүгінде бұрын-соңды болмаған өткір жағдайда тұр. Оның себебі туризм мен көлік коронавирустан зардап шеккен салалардың бірі болуында. Дегенмен, екінші жағынан алып қарағанда, бізде зор ресурс бар және қазақстандықтар қазіргі уақытта өз елін жаңа қырынан танып жатыр десек болады. Олар бұрын болмаған, тек суреттен ғана көрген жерлерге барып жүр. Бұл орайда, адамдардың жағажайда жату немесе дастарқан басында отыру сынды пассив демалыстан арылып келеді. Яғни, қызықты оқиға түріндегі саяхат белең алуда. Ол тауға саяхаттау, қандай да бір сафари, джип көлігімен саяхат болуы мүмкін. Жалпы, туризмнің белсенді түріне қызығушылықтың күрт артуы әлемдік тренд саналады»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда белсенді демалысқа арналған белгілі бір инфрақұрылым қалыптасып үлгерген. Бұған қоса аталған инфрақұрылымды дамытуға бизнес тарапынан қызығушылық жоғары. Сонымен қатар ол ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоры бастамашылық жасаған экономиканы салалық өзгерістерге дайындау жөніндегі бағдарламаның жетекшісі екендігін атап өтті.

«Осы тұрғыда өзін өзі реттейтін туристік ұйым ретінде Альпен-клуб құрылды. Ол таудағы қауіпсіздік пен стандартты, тұрақты инфрақұрылым құруды қамтамасыз ететін болады»,- деді Тимур Дүйсенғалиев.


Соңғы жаңалықтар