Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы 319 млрд теңгені ем-домға жұмсады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу аясында 3,5 трлн теңгені игерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк өкілі 2021 жылдан бастап салымшылар өздерінің жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, басқарушы компанияларға тапсыруға және ем-дом алуға жұмсағанын еске салды.

Бұл мүмкіндік аясында салымшылар 3,5 трлн теңгені аталған мақсаттарға бағыттады.

«Атап айтқанда, 3,17 трлн теңге (90,6 пайызы) баспана мәселесін шешуге, 318, 8 млрд теңге (9,1 пайызы) емделуге, сондай-ақ 8,7 млрд теңге (0,25 пайызы) басқарушы компанияларға аударылды», - деді Әлия Молдабекова Сенатта депутаттармен кездесу кезінде.


Соңғы жаңалықтар