Қазақстандықтар визасыз қанша елге бара алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Төлқұжаттар индексінде 67-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Henley & Partners компаниясы 8 қаңтар күні Төлқұжаттар индексінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Рейтинг визасыз режимге енгізілген соңғы өзгерістерден құрастырылады. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан азаматтары әлемдегі 76 елге визасыз бара алады. Еліміз Индексте екі сатыға жоғарылап, 67-інші орынға орналастырылған.

Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Корея мен Сингапур (189 ел) тұр. Үздік үштік қатарына, сондай-ақ Германия мен Франция (188 ел) енген.

Ресей - 48-орында (119 ел), Украина - 41 (128 ел), Беларусь - 66 (77 ел), Әзербайжан - 74 (66 ел), Өзбекстан - 80 (56 ел), Қырғызстан - 76 (64 ел), Тәжікстан - 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел).

Henley & Partners компаниясының Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта 2006 жылдан бері жарияланып келеді.

Авторы: Алмас Жұмабаев

Соңғы жаңалықтар