Қазақстандықтар үйлерінің қалай салынып жатқанын онлайн көре алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда құрылыс сапасын бақылауға арналған Е-QURULYS және нысанды пайдалануда халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы үшін Е-SHANYRAQ ақпараттық жүйелері іске қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы салынып жатқан тұрғын үйдің сапасына және оларды зияткерлік басқару жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды арттырамыз. Ол үшін Е-QURULYS баспана құрылысының сапасын бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгіземіз. Осы жүйе бойынша шынайы уақыт режімінде құрылыс нысанынан видеотрансляцияны байқауға болады», - деді комитет төрағасы.

Мархабат Жайымбетовтің сөзіне сенсек, бақылаушы органдар осы жүйеге қосылып, онлайн-режимде құрылыстың барлық процестерін бақылауға алады.

«Қазаншұңқыр қазудан бастап нысан аяқталғанға дейін, сондай-ақ бизнес-ортаға қысым мен байланысты болдырмайды. Құрылыс процесіндегі жасырын жұмыстар, мысалы, іргетас пен колонналардағы арматуралау тек белсендіріліп қана қоймай, фото және бейне форматтарда да сақталады. Құрылыстың барлық хронологиялық тарихы ұзақ жылдар бойы қолжетімді болады. Сондай-ақ объектілерді пайдалану және халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы мәселелері шеңберінде Е-SHANYRAQ бірыңғай ақпараттық жүйесін іске қосамыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар