+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ уақытша тіркеуге тұра алады - Дәурен Абаев

2017 жылғы 10 қаңтар 11:35
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ уақытша тіркеуге тұра алады - Дәурен Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жақын арада қазақстандықтардың уақытша тіркеуді онлайн режимде іске асыра алатынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде онлайн режимде тек тұрақты тіркеу қызметі ғана жұмыс істейді. Енді, бір айдың ішінде оған уақытша тіркелу қызметі де қосылады. «Қазіргі кезде ішкі логистика мәселелері реттеліп жатыр. Негізгі мақсат - xалыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектерді азайту. Ол үшін деректер базаларын өзара кіріктіру керек. Содан кейін уақытша тіркеуді онлайн режимде іске қосуға болады. Оған ұлттық ақпараттық теxнологиялар орталығы мен ішкі істер министрлігі жауапты. Бір айдан аз уақытта аталған қызмет енгізіледі», - деді Д.Абаев.

Ал «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтың айтуынша, бүгінде xалыққа қызмет көрсету орталықтарында уақытша тіркеу бойынша жұмыс істейтін мамандардың саны көбейді. Сондай-ақ жұмыс кестесі таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ұзартылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT